АИТВ-ҒА ТЕСТ НЕЛІКТЕН ТАПСЫРУ КЕРЕК ЖӘНЕ НЕГЕ ОДАН ҚОРЫҚПАҒАН ЖӨН?
Себебі АИТВ-ға ұдайы тест тапсырып отыру — бұл өз мәртебеңізді білудің және, қажет болған жағдайда, толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беретін терапияны бастаудың жалғыз сенімді әдісі.
Адамдар өздерінің АИТВ-мәртебесін білген кезде, олар өздеріне күтім жасау үшін пайдалана алатын құнды ақпаратқа ие бола алады.
Тест тапсырудан қашқақтаудың себептері
Стигмадан қорқады
Қазақстан қоғамында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды бұрынғыша кемсіту жағдайлары әлі де жиі кездеседі — отбасындағы мәселелерден бастап, тек қана АИТВ-мәртебесіне бола жұмыстан босатудың негізсіз және заңсыз жағдайларына дейін. Сондықтан өзінің АИТВ-оң мәртебесінің ықтималдығын ұғынатын кейбір адамдар, өзінің күмәнді алаңдаушылығы расталған жағдайда өмірім тас-талқан болады деген оймен тест тапсырудан бас тартады.
АИТВ – оларға қатысты емес деген сенімділік
АИТВ-ның ағзаға енуі үшін, қорғалмаған бір жыныстық қатынас жеткілікті. Сонымен қатар вирус секс-жұмыскерлер немесе инъекциялық есірткі қабылдайтын адамдар сияқты тек белгілі бір топтармен байланысты болуын баяғыда тоқтатқан. Алайда, көбінесе өздерін осындай топтарға жатқызбайтын адамдар қауіпті аймақта емеспіз деп санайтындықтан, АИТВ-ға тест тапсырудан бас тартады.
Симптомдарды байқамайды
АИТВ-ға деген күнделікті көзқарас келесідей болуы мүмкін:»симптомдар жоқ — яғни бәрі жақсы деген сөз». Бірақ АИТВ-ның айла-шарғысы дәл осы симптомсыз болуы және бұл жағдай ұзақ жылдарға созылуы мүмкін.
Кінәлілік сезіну
Кейбір адамдар бірнеше серіктестермен жыныстық қатынаста болу ұят, тыйым салынған, қоғам тарапынан әділетті түрде айыпталатын нәрсе деп санай отырып, өздерінің жыныстық мінез-құлқын қабылдаудан бас тартады. Мұндай адамдар тест тапсырудан тартынады, өйткені олар әшкереленуден қорқады немесе белгісіздік қорқынышын сөзсіз жоғарыдан берілген жаза ретінде қабылдайды.
Не себепті тест тапсыру қажет?
Себебі уақыт = денсаулық
Тіпті өмір де. АИТВ ағзада симптомсыз өте ұзақ уақыт болатыны жайлы қайталап айтамыз — кейде 15 жылға дейін. Адам өзінің АИТВ-мәртебесін қаншалықты тезірек білсе, ол өзінің денсаулығына септігін тигізетін антиретровирустық терапияны соншалықты тезірек бастайды.
Айналадағыларды қауіпсіздендіру үшін
Сіздің өз мәртебеңізді білмеуіңіз АИТВ-ның серіктеске берілуіне әкеліп соғуы мүмкін — бір қорғалмаған қатынас жеткілікті. Әйелдер жүктілік және босану кезінде, сондай-ақ емшек сүтімен емізу кезінде балаларына АИТВ жұқтыруы мүмкін
Тест тапсыру алдындағы қорқынышты қалай жеңеміз?
Бұл әрқашан жасырын екені есіңізде болсын
АИТВ-ға жедел тест тапсыру үшін, Сізге жеке мәліметтер берудің қажеті жоқ — бұл жасырын. Мұның бәрі — жақын жердегі ЖИТС орталығының Достық кабинетіне келіп, жедел тест тапсырғыңыз келетінін жасырын түрде хабарлау. Бұл жағдайда кейінірек атау арқылы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік ұсынатын Сізге арнайы код беріледі,
Онымен қоймай, тест оң нәтиже берген жағдайда, дәрігер Сіздің мәртебеңізді үшінші тұлғаларға жария етуге құқылы болмайды – бұл бұзылған жағдайда қылмыстық жауапкершілік артылатын дәрігерлік құпия. Осылайша, кез келген АИТВ-оң нәтижелі адам өз мәртебесін ұдайы құпия сақтай алады.
Маманмен кеңесу
Достық кабинеттерінде жұмыс істейтін мамандар арнайы дайындықтан, соның ішінде психологиялық-әлеуметтік кеңес беруден өтеді. Тест өтуден бұрын дос пейілді дәрігер Сізге кеңес беріп, алаңдаушылықты еңсеруге көмек көрсетеді.
Оң мәртебемен ұзақ және толыққанды өмір суруге болатынын білу
Алаңдаушылықты төмендетуге АИТВ-ның
а) ЖИТС синонимы емес екені;
б) өлімге әкеліп соқпайтын ауру екені туралы білім көмектеседі..
Медицина деңгейінің алға жылжығаны соншалық, бүгінде АИТВ-ға шалдыққан адамдардың өмір сүру ұзақтығын жалпы АИТВ-теріс адамдардың өмір сүру ұзақтығымен салыстыруға болады. Бұл ретте антиретровирустық терапияның арқасында вирустық жүктеме анықталмайтын болған. Бұл өз кезегінде АИТВ-ның таралу қаупін іс жүзінде жояды және вирусы бар адамға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді.
Ақпарат https://amanbol.kz/ сайтынан алынған.