Өйткені өзіндік тест жүргізу жалған-теріс нәтиже беруі ықтимал.
АИТВ-мен өмір сүретін және антиретровирустық терапия қабылдайтын кейбір адамдар біраз уақыттан кейін жедел тест тапсыратын жағдайлар болып тұрады. Теріс нәтижеге қол жеткізгеннен кейін, олар толық емделдім деп шешеді де, терапияны тоқтатады.
Бұл түпкілікті қате шешім
Шын мәнінде, адам терапия кезінде қабылдайтын антиретровирустық препараттар ағзадағы АИТВ-ға қарсы антиденелердің санын айтарлықтай төмендетеді. Экспресс-тест дәл осы антиденелерге жауап беретіндей етіп құрылған. АРВ терапиясын қабылдаушыда тест антиденелерді анықтамастан жалған-теріс нәтиже көрсетуі ықтимал. Бұл ретте адам АИТВ-оң нәтижелі болып қала береді.
Сондықтан, егер бұрын адамда оң дәрежелі АИТВ-мәртебесі анықталған болса, экспресс-тест валидті көрсеткіш бола алмайды.
Экспресс-тест қандай нәтиже берсе де, АРВ-терапияны тоқтатпаған жөн.
Медицина АИТВ-ны толық емдеуді әлі қол жеткізбеген, бірақ тұрақты және үздіксіз антиретровирустық терапия ұзақ толыққанды өмір сүруге ықпал етеді. Керісінше, терапияны тоқтату салдары ауыр ауруларды қоздыратын денсаулықтың ақырындап нашарлауына әкеліп соғады.
Терапияның тиімді екенін түсіну үшін, вирустық жүктеме сынағынан өту керек. Анықталмайтын вирустық жүктеме емдеудің сәтті өтіп жатқанын және АИТВ-ны басқа адамдарға жұқтыру мүмкіндігі нөлге тең екенін білдіреді.
Ақпарат https://amanbol.kz/ сайтынан алынған.