Презервативке ақшаның болмауы одан бас тартуға себеп емес, өйткені пайдалану ережелерін сақтау кезінде олар АИТВ мен ЖЖБИ-ден 100 пайызға жуық қорғаныс құралы болып табылады. Біз сіздерге презервативтерді қайдан тегін алуға болатынын айтамыз.

Достық кабинетінде

Мұнда  сіз ең жақын достық кабинеттің мекен-жайын таңдай аласыз және құпиялылық жағдайында презервативтерді үнемі алып отырасыз: өз атыңызды айту және тіптен жеке куәлік ұсыну қажет емес. Сіз «КОД 105» деген сөзді айтасыз, Достық кабинетінің дәрігері Сізге презерватив береді.

Сервистік жобаларда

Сервистік жобалар — бұл АИТВ-ның алдын алу бойынша әрбір тілек білдірушіге тегін қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдар. Онда Сіз соның ішінде тегін презервативтерді ала аласыз.

Мына тізімнен ыңғайлы мекенжайда орналасқан сервис жобаны таңдаңыз (ҮЕҰ тізіміне сілтеме).

Өзіндік тест өту жинағына тапсырыс беру

Сен осы сайтта тегін және құпия түрде жинаққа тапсырыс  беріп, өзіңе ыңғайлы әдіспен қол жеткізе аласың. Тек Алматы қ. үшін!

! Есіңде болсын: АИТВ ағзаға енуі үшін, көбінесе презервативсіз бір ғана жыныстық қатынас жеткілікті.

 

Ақпарат  https://amanbol.kz/ сайтынан алынған.