Колумбия университеті жанындағы Орталық Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығы (ОАЖДЗО)

 Келісім нысаны

«Өрлеу» зерттеуіне қатысу

 Байқауға қатысуға арналған электрондық келісім

  Ғылыми жетекшілер:                 Брук С. Вест және Виктория Фрай

 ИҰК хаттамасының атауы: Қазақстанда, Орталық Азияда АИТВ-ға қатысты   сектораралық стигманы төмендету

  • Келісім нөмірі: AAAU3129
  • Қатысу ұзақтығы: 12 ай++
  • Субъектілердің күтілетін саны: 125  

БАЙЛАНЫСУ АҚПАРАТЫ  

Байланысу Лауазымы Байланыс түрі Телефон нөмірі
Брук Вест Доцент Ғылыми жетекші 212-854-2229
Виктория Фрай Профессор Ғылыми жетекші 212-650-6857
Шолпан Примбетова Өңірлік директордың орынбасары Бірлескен зерттеуші 7019300281
Әсел Терлікбаева Өңірлік директор Бірлескен зерттеуші 7017368679

КІРІСПЕ: Сізге ғылыми зерттеуге қатысу мүмкіндігі ұсынылады. Келесі ақпарат зерттеудің мақсатын, Сізден қатысушы ретінде не талап етілетінін және ықтимал тәуекелдер мен артықшылықтарды түсіндіру үшін берілген. Сонымен қатар  бұл жерде, егер Сіз қаласаңыз, зерттеуге қатысуға міндетті емес екеніңіз түсіндіріледі..

ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ: Осы зерттеу зерттеу тобына коммерциялық секспен айналысатын және/немесе есірткі  қолданатын әйелдердің (КСЕҚ) медициналық мекемелеріне жүгіну тәжірибесі туралы ақпарат береді. Бұл ақпарат, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында, медицина қызметкерлерін оқыту және ақпараттандыру науқанын әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Осы мәселелерді тереңірек түсіну үшін, біз медициналық көмекке жүгінетін және оны алатын әйелдердің тәжірибесі туралы білу мақсатында краудсорсингтік байқау өткіземіз. Біз Сізден осы зерттеуге қатысуыңызды сұраймыз, өйткені Сіз соңғы 3 жыл ішінде Достық кабинеттеріне, сенім нүктелеріне, тері-венерологиялық диспансерлерге және/немесе ЖИТС орталықтарына жүгіндіңіз және осы байқауға қатысуға мүдделісіз.

ЗЕРТТЕУ РӘСІМДЕРІ: Егер Сіз байқауға қатысуға шешім қабылдасаңыз, біз Сіздің жеңіске жеткеніңіз жайлы, байқауға  қатысу туралы ақпараттың қысқаша нысанын хабарлау үшін және байқауға  мәтінді, суретті, аудио — немесе бейнежазбаны ұсынуға мүмкіндік алу үшін, Сізге қатысушының БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫНЫҢ нысанын толтыру керек болады.

Байқву жұмыстарын сарапшылар тобы бағалайды, содан кейін олардың кейбіреулері клиникаларда хабарлама тарату науқаны аясында және ОАЖДЗО жүргізген ғылыми зерттеу шеңберінде медицина қызметкерлерін оқыту үшін бағаланады. Зерттеуден кейін материалдар веб-сайттар мен әлеуметтік медиа беттерінде орналастырылуы және көпшілікке қол жетімді болуы мүмкін.

Сіздің байқау жұмыстарыңыз тапсырғанға дейін қандай да бір басқа жерде қандай да бір нысанда жарияланбауы тиіс. Өз жұмысыңызды байқауға жіберу арқылы Сіз ұйымдастырушыларға жұмысыңызды және кез келген ілеспе материалдарды пайдалану, көрсету, жариялау, беру, көшіру, өңдеу, өзгерту, сақтау және қайта пішімдеу құқығын беруге келісесіз. Ұйымдастырушылар ғылыми зерттеу шеңберінде материалдарды тестілеу аяқталғанға дейін байқау жұмыстарына өз құқықтарын сақтайды (аяқтаудың болжамды күні — 2025 жылғы қыркүйек). Ғылыми зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін байқауға қатысушылар өз жұмыстарын әлеуметтік желілердегі немесе басқа платформалардағы аккаунттарында жариялай алады.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ: Бұл зерттеуге қатысу ешқандай тікелей пайда әкелмейді. Сіздің осы зерттеуге қатысуыңыз ерікті болып табылады және жыныстық қызмет көрсететін және/немесе есірткі қолданатын әйелдерге сапасы жоғарылау қызмет көрсетуге көмектеседі.

ТӘУЕКЕЛДЕР: Осы зерттеуге қатысу тәуекелі құпиялылықты жоғалту мүмкіндігінде болып табылады. Алайда біз Сізді осы мүмкіндіктен қорғауға көмектесетін шаралар қабылдаймыз. Мысалы, Сіздің байланыс ақпаратыңыз қатысушыдар туралы ақпаратты бағалаудан бөлек сақталады. Сондай-ақ Сіз ойдан шығарылған атыңызды көрсете аласыз және кез келген уақытта қатысуды тоқтатуға құқығыңыз бар.

 ӨТЕМАҚЫ: Өтемақыға кепілдік берілмейді. Біз барлық талаптарға сәйкес жұмыстарға қатысу сертификаттарын ұсынамыз. Үздік он жүлдегер сыйлықтарға ие болады, ал үздік үш жүлдегер қомақты сыйлықтарға ие болады. Ықтимал жүлделердің мысалдары төменде келтірілген: 

  • 1 орын – 200.000 KZT
  • 2 орын – 100.000 KZT
  • 3 орын – 50.000 KZT
  • Ынталандыру сыйлықтары – 25.000 KZT
  • Қазылар алқасының арнайы сыйлықтары – 12.000 KZT

ЗЕРТТЕУ СТАНДАРТТАРЫ ЖӘНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ: Сіздің қатысуыңыз ерікті болып табылады және Сіз кез келген уақытта қатысудан бас тарта аласыз немесе қатысуды тоқтата аласыз. Қатысудан бас тарту Сіздің құқықтарыңызға әсер етпейді

 ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ:

Сізді аты-жөніңіз бойынша сәйкестендіре алатын осы зерттеу үщін жиналған кез келген ақпарат құпия сақталады. Деректеріңізді қауіпсіз сақтау үшін біз өзімізге байланысты барлық қадамдарды жасаймыз, бірақ толық құпиялылыққа уәде беру мүмкін емес. Біздің барлық күш-жігерімізге қарамастан, компьютерді ұрлау сияқты күтпеген жағдайлар болуы мүмкін, бірақ бұл екіталай нәрсе.

Егер Сіз осы зерттеуге қатысуды таңдасаңыз, Сіз бізге зерттеу барысында жиналған Сізді сәйкестендіре алатын ақпаратты пайдалануға рұқсат бересіз (яғни Сіздің келісіміңіз), мысалы, байланыс ақпаратыңыз.

Біз бұл ақпаратпен зерттеу тобына кірмейтін адамдармен бөліспейміз.

Сіздің атыңыздан немесе Сізді сәйкестендіре алатын  кез келген басқа да ақпараттан бөлек,жауаптарыңызға  код нөмірі беріледі. Сіздің атыңызды код нөмірімен байланыстыратын зерттеу файлы шифрланған деректер файлында сақталады және файлға тек зерттеуші мен уәкілетті зерттеу қызметкерлері қол жеткізе алады.

Сіздің ақпаратыңызды тек зерттеу қызметкерлері, Колумбия университетінің өкілдері және Этикалық комитет («IRB») зерттеу шеңберінде көре, көшіре, қолдана және бөлісе алады.

Осы зерттеу мақсаты үшін жиналған ақпаратты пайдалануға және беруге келіскен рұқсатыңыздың мерзімі зерттеу аяқталғаннан кейін тоқтайды.

 СҰРАҚТАР: Егер Сізде сұрақтар туындаса, доктор Бруквестке +1-212-854-2229 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз немесе оған электрондық пошта арқылы хабарлама жіберіңіз bsw2110@columbia.edu.edu. сондай-ақ Алматыдағы жергілікті зерттеуші, доктор Әсел Терлікбаевамен +7(727)2642999 телефоны арқылы байланысуға болады. Егер зерттеуге қатысушы ретінде Сіздің құқықтарыңыз туралы сұрақтарыңыз болса, Сіз Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің Этикалық комитетіне +7(727) 3773333 нөміріне қоңырау шалып, жүгіне аласыз. Колумбия университетінің институциялық қадағалау кеңесіне (ИҚК) +1-212-305-5883 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: irboffice@columbia.edu.